Nur Otan Павлодар облысына гуманитарлық көмектің жеткізілуін бақылауға алды

Nur Otan Павлодар облысына гуманитарлық көмектің жеткізілуін бақылауға алды

Nur Otan Павлодар облысына гуманитарлық көмектің жеткізілуін бақылауға алды
ашық дереккөзі
240
Павлодар облысының кәсіпкерлері провизорлық госпитальдарға 3 дана Бобров аппараты мен дәрілік препараттар және 1400 литрден астам ауыз су жеткізді. «Nur Otan» партиясы қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Михаил Желнов оттегіні ылғалдандыру үшін Бобровтың 3 аппаратын сатып алып, бүгін Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына, №1 қалалық ауруханаға және жедел медициналық жәрдем ауруханасына табыстады. – Бұл ауруға салғырт қарауға болмайды, бұны барлығы түсінді. Ешкім бұлай болады деп ойлаған жоқ. Өйткені адамдар 5 ай бойы палаталардан шыққан жоқ деуге болады. Дәрігерлер, медбикелер, тіпті жүргізушілер және басқа да қызметкерлер бұл дертпен күресіп жатыр. Сондықтан кәсіпкерлер де бұл дертті ауыздықтауға өз үлестерін қосуы керек деп есептеймін. Мен кәсіпкер ретінде өз шама-шарқымша 1 қалалық ауруханаға көмек бердім. Кір жуатын машиналар, бетперделер және ауызсумен қамтамасыз еттім. Түркияда жасалған оттегі аппараттарын алдырдық. Елге пайдасы тисе деймін. Өзім сияқты барлық кәсіпкерлерді, жалпы ақшасы бар, мүмкіндігі бар жандарды көмек қолын созуға шақырамын. Ақшалай болсын, дәрі-дәрмек, азық-түлік арқылы болсын, ауруханаларға, мұқтаж адамдарға көмектесейік. Ел басына үлкен қатер төнді. соны бірге жеңіп, қиындықты бірге еңсеруіміз керек. Мемлекеттің басты байлығы – адам. Күш біріктіріп, бір-бірімізге көмектессек барлығы жақсы болады деп сенемін, – деді Михаил Желнов.  width= Сондай-ақ, провизорлық госпитальдардың қызметкерлеріне кәсіпкер 400 литрден астам ауыз су апарды.  width= «A.R.S.-Ойл» ЖШС директоры, «Nur Otan» партиялық кадрлық резервіне қатысушы Әлия Асқарова қаланың үш провизорлық госпиталіне 1000 литрден астам ауыз су жеткізді. Кәсіпкерлер медициналық мекемелерге бірнеше рет көмек көрсеткен, және бұл жұмысты одан әрі жалғастыруға ниетті. Сонымен қатар өңіріміздің белсенді азаматтарын бұл бастаманы қолдауға шақырады.  width= Бүгін «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Павлодар облысының медициналық мекемелеріне жеке қорғану құралдары мен дәрі-дәрмек препараттары түрінде Қытай мен Ресейден келіп түскен гуманитарлық көмек жүктеріне мониторинг жүргізді. Мониторинг тобының құрамына облыстық филиалының партиялық бақылау комиссия мүшелері, облыстық кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің және Павлодар облысының қоғамдық бақылау тобының өкілдері кірді.  width= Гуманитарлық көмекке мата емес материалдардан жасалған киім жиынтығы, үш қабатты медициналық маскалар, қорғаныс көзілдірігі мен комбинезондар, хирургиялық қолғаптар, инфрақызыл термометрлер кірді. Сондай – ақ, Павлодар облысына алғаш рет  коронавирусты инфекциясын орташа ауыр ағымдағы емдеуге арналған – коронавир дәрілік препараттардың 230 қаптамасы келіп түсті. Бұл гуманитарлық көмек Павлодар облысының 38 медициналық мекемесіне бөлінді. Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі садудан аулақ болу үшін әрбір қаптамаға «тегін» мөртабасын қойды. Павлодар облысының партиялық бақылауы өңірдің барлық провизорлық госпитальдары кірген облыстың 38 медициналық мекемесінің жеткізілуін бақылауға тексеру жүргізді. Алдағы аптада мұндай мониторингті қалалар мен аудандарда партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жүргізеді. «Өңірге жеткізілген жеке қорғаныс құралдары мен дәрілік заттарға сұраныс өте жоғары. Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарына бұл заттар ауадай қажет. Біздің мақсатымыз – гуманитаолық көмектің теңдей бөлінуін және діттеген жеріне уақытылы жеткізілуін қадағалау. Бұл жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады. Бүгінде жүктің  50 пайызы облыстың аудандары мен қалаларына жөнелтіліп, өңірдегі 38 медицикалық мекемеге жедел жеткізілуде», – дейді «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының жетекшісі Олег Костенко. Бүгін «Денсаулық себеті» акциясын Павлодар облыстық филиалының «Jas Otan» жастар қанатының волонтерлері қолдады. Жас еріктілер провизорлық госпитальдардың медицина қызметкерлеріне «Денсаулық себетін» жеткізуді ұйымдастырды. Волонтерлер себетке жеміс, бал, қымыз, шай, кептірілген жемістер, антисептиктер мен маскалар жинады. Мұндай көмекті қаланың провизорлық госпитальдарының дәрігерлері мен медбикелері алды. «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері еріктілерді бүгінгі күні жерлестерімізді құтқару үшін өз өмірлерін қауіп-қатерге тігіп отырған медицина қызметкерлеріне көмек көрсетуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары