271
«7-20-25»: 20 мыңға жуық өтінім мақұлданды
«7-20-25»: 20 мыңға жуық өтінім мақұлданды
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша қарыз алуға 396,31 млрд теңге сомасына 34 457 өтінім қабылданды.
Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметіне хабарлады.
Қабылданған өтінімдерді қарау нәтижесінде 231,90 млрд теңге сомасына қарыз беруге 19 999 өтінім мақұлданды.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызды сұраймыз», - делінген банк хабарламасында.