Нұр-Сұлтан мектептерінде 2 мыңнан астам маман жетіспейді

Нұр-Сұлтан мектептерінде 2 мыңнан астам маман жетіспейді

Нұр-Сұлтан мектептерінде 2 мыңнан астам маман жетіспейді
ашық дереккөзі
201
Елорда мектептеріне 2 мыңнан астам маман жетіспейді. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді.  «Оқу жылының соңында педагогикалық кадрларға деген қажеттілік  842 адамды құрады. 706 зейнеткер ұстаз бен жаңа мектептердің ашылуын қосқанда, 2000-нан астам қызметкер жетіспейді. Қалада негізінен орыс тілінде сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері, сонымен қатар орыс тілі мен әдебиеті, математика, информатика, ағылшын тілі пәнінің ұстаздары жетіспейді. Одан бөлек, дефектолог, логопед секілді мамандар, балабақша тәрбиешілері тапшы болып отыр», - деді басқарма басшысы. Шолпан Қадырованың айтуынша, білім беру ұйымдарын кадрмен қамтамасыз ету бойынша жол картасы аясында республикадағы ЖОО-лармен және колледждермен жұмыс жүргізіледі. Елордалық мектеп басшылары, балабақша меңгерушілері онлайн еңбек жәрмеңкелеріне қатысқан. Олар enbek.kz порталында үміткерлерді (соның ішінде аймақтарда жұмыс істейтін мұғалімдерді) қарастыруда. Бүгінгі таңда 300-ге жуық түйіндеме зерттеліп жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін елордалық Білім басқармасының басшысы жаңа оқу жылында қала мектептеріндегі "кезекші сыныптардың" жұмысы қалай жүргізілетінін түсіндірген.

Серіктес жаңалықтары