Карантин: Елордада бірқатар нысанның жұмыс уақыты өзгерді

Карантин: Елордада бірқатар нысанның жұмыс уақыты өзгерді

Карантин: Елордада бірқатар нысанның жұмыс уақыты өзгерді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиеваның бұйрығы бойынша қалада карантин 19 шілдеден 2 тамызға дейін ұзартылып, кейбір нысандардың жұмыс уақыты өзгерді. Атап айтқанда: - Ауылшаруашылық жәрмеңкелері мен азық-түлік жәрмеңкелері (ашық ауада) тек демалыс күндері 9.00-ден 17.00-ге дейін; - Азық-түлік өнімдерін сататын азық-түлік дүкендерінің жұмысы (минимаркет, супермаркет, гипермаркет) 9.00-ден 21.00-ге дейін; - тұрғын үйлерде орналасқан тамақ өнімдерін сататын дүкендердің жұмыс уақыты 9.00-ден 22.00-ге дейін. - Бизнес орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокаттың қызметтері, нотариус, есепші және кеңес беру, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмыс күндері 9.00-ден 17.00-ге дейін, демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады; - көлік жуу, авто және тұрмыстық техниканы жөндеу орындары жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін; -көшедегі азық-түлік саудасы (фаст-фуд өнімдерін сататын нысандарды, көкөніс дүңгіршектерін, балмұздақ, қайнатылған кофе және т.б.) барлық күндері 10.00-ден 21.00-ге дейін; - қоғамдық тамақтану орындарының (кафе, мейрамхана) жұмыс уақыты тек сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін 30 адамға дейін қызмет көрсетуге рұқсат; - гүл дүкендерінің жұмыс уақыты 9.00-ден 21.00-ге дейін; - «Қазпошта» АҚ-ның жұмыс уақыты желіде көрсетілмейтін қызметтері үшін 8.00-ден 14.00-ге дейін; Дәріханалар мен минимаркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттердің жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат. Қоғамдық көліктің, сонымен қатар жолаушылар автобусының аймақтар арасындағы жұмысына әлі де тыйым салынған, маска режимі және бұқаралық іс-шараларды: ойын-сауық, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларын, форумдар, конференциялар, семинарлар, кездесулер және т.б. өткізуге тыйым салынды.