355
Президент «жерлеуден жемтік іздегендерді» жөнге келтіруді тапсырды
Президент «жерлеуден жемтік іздегендерді» жөнге келтіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Мемлекет басшысы кейбір пысықтар пайда табу үшін барлық адамгершілік қағидаттарды аттап өтіп, халықты алдау мен бопсалаудан тайынбай отырғанын жеткізді.
– Мәйітханалар мен жерлеу қызметінде сорақы тірліктер жасалып жатыр. Соңғы екі аптада мәйітті тасымалдау және жерлеу үшін төленетін ақы қатты өсіп кеткен. Мұны көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Әкімдерге бір күн ішінде «жерлеуден жемтік іздегендерді» жөнге келтіруді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.