254
Атырау облысында карантин режимі 3 тамызға дейін созылды
Атырау облысында карантин режимі 3 тамызға дейін созылды
Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Садуақас Байғабыловтың 17 тамызда қол қойған қаулысында айтылған.
Бас санитарлық дәрігердің қаулысы 19 шілде сағат 00:00-де күшіне енеді. Қатаң карантин режимі 3 тамыз сағат 00:00-дейін созылды.
Қаулыға сәйкес, Атырау облысының аумағында қалалар мен елдімекендер арасында автобус қатынасы тоқтатылды.
Ал, Алматы қаласына, Ақтөбе және Маңғыстау облысына қатынайтын пойыздар жүрмейді.
Сондай-ақ, тұрғындар мен автокөлік қатынасына түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін тыйым салынған. Мұндай тыйым сенбі, жексенбі және мереке күндері автокөліктердің жүруіне де салынып отыр.
Азық-түлік дүкендеріне сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында карантин күшейтілген еді.