«Атырау-ақпарат» медиахолдингіне Ысқақ Егембердиев басшы болып тағайындалды

«Атырау-ақпарат» медиахолдингіне Ысқақ Егембердиев басшы болып тағайындалды
Атырау облысының коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, «Атырау-ақпарат» ұжымына жаңадан келген басшы Ысқақ Егембердиевті Атырау облысы әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Ысқақ Егембердиев 1983 жылы дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 2000-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. Одан кейін 2005-2007 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған.