Медицина қызметкерлеріне 2 млн теңгеден өтемақы төлене бастады

Медицина қызметкерлеріне 2 млн теңгеден өтемақы төлене бастады

Медицина қызметкерлеріне 2 млн теңгеден өтемақы төлене бастады
ашық дереккөзі
196
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу басталды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. «Бұл өтемақы Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің бірлескен бұйрығына сәйкес төленеді. Төлем операторы ретінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бекітілген. Өтемақы төлеуге өтініштерді өңірлік денсаулық сақтау басқармалары комиссияның тиісті шешімдері негізінде жібереді», – деп атап өтті министр. Министрдің айтуынша, бүгін сағат 14:00-дегі жағдай бойынша, өтемақы төлеуге 6 өңірден 123 өтініш келіп түскен. «Ереже бойынша үш жұмыс күнінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бұл азаматтарға 2 млн теңгеден төлеуі тиіс. Қаражат өтінімде көрсетілген реквизиттерге жіберіледі. 123 өтінім ішінде қызмет бабымен қайтыс болған медицина қызметкерлері жоқ. Олар бойынша әлі өтінім берілмеді», – деді Б.Нұрымбетов. Еске сала кетсек, қызмет барысында коронавирус инфекциясын жұқтырған медицина қызметкеріне – 2 млн теңгеден, қайтыс болған қызметкердің отбасына 10 млн теңге өтемақы бекітілген еді.

Серіктес жаңалықтары