277
Жасөспірімді зорлаған қаскөй полицейлерден қашу кезінде 12 қабаттан секіріп кетті
Жасөспірімді зорлаған қаскөй полицейлерден қашу кезінде 12 қабаттан секіріп кетті
Алматыда үй тонап, кәмелетке толмаған жасөспірімді зорлады деп күдіктелген ер азамат құқық қорғау органдары қызметкерлерінен қашу кезінде 12 қабаттан секіріп кеткен.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Полиция қызметкерлері Екібастұздан келген 31 жастағы азаматты кәмелеттік жасқа толмағанға қарақшылық шабуыл жасады және зорлады деген күдікпен ұстаған.
"Бұл қылмыс 11 шілдеде жеке сектор аумағында болды. Түскі уақытта белгісіз біреу Покровская көшесіндегі үйлердің біріне кірген. Сол сәтте үйде 4 жасар ұл бала мен оның 15 жастағы әпкесі болған. Қаскөй оларды пышақпен қорқытып, 17 мың долларды иемденіп, содан кейін қызды қорлаған. Осы аса ауыр қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Жедел және арнайы шаралардың нәтижесінде күдіктінің жасырынған мекен-жайы анықталды. Ол пәтер әл-Фараби даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің 12-қабатында орналасқан. Қамауға алу кезінде Ш. қашып кетуге тырысты. Ол ашық терезеден секіріп түсіп, төмендегі қабаттағы террасаға құлады, оның артынан өз өміріне қауіп төндіріп, полиция майоры Бақытжан Бакиров жүгіріп кетті. Аяғы сынғанына қарамастан, ол күдіктіні ұстап, қашып кетуіне жол бермеді", - дейді Түрксіб аудандық полиция басқармасының басшысы Еркін Амантаев.
Қазіргі уақытта тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы: ҚР ҚК 192-бабы 4-бөлігі және ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігі бойынша жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Сонымен бірге, Алматы қалалық полиция дептарменті аса қауіпті қылмыскерді ұстауда көрсеткен қайсарлығы үшін майор Бакиров мараптқа ұсынылатынын айтты.