Түркістан облысында дәрі-дәрмекті негізсіз қымбаттатудың 15 дерегі анықталды

Түркістан облысында дәрі-дәрмекті негізсіз қымбаттатудың 15 дерегі анықталды

Түркістан облысында дәрі-дәрмекті негізсіз қымбаттатудың 15 дерегі анықталды
ашық дереккөзі
351
Түркістан облысының полицейлері карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмекті жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен тұрғындарды анықтау мақсатында арнайы рейд жүргізуде. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 5 шілдеден бастап осындай 19 жайтты тіркеген. Атап айтқанда, Жетісай мен Төлеби аудандарында белгіленбеген орында дәрі-дәрмек сату бойынша 4 факті анықталған. Сондай-ақ, дәріханада қымбат бағамен дәрі-дәрмек сатудың 15 жайты тіркелген. Осы заңбұзушылықтарға қатысты хаттама толтырылып, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне 17 жайт бойынша құжаттар жолданған. Айғақ ретінде 1500-ге жуық дәрі-дәрмек пен 4982 дана бетперде, 10 дана қолғап алынған. Тәркіленген дәрілердің арасында «Цефтриаксон», «Нол Грипп», «Кетанов», «Тетрациклин», «Платимазол», «Димедрол», «Мезим», «Тайлол хот», «аскорбин қышқылы» және басқа препараттар бар.  width= Ал Төлеби ауданындағы дәріхананың сатушысы «азитромицин», «аспирин» «парацетомол», «ксон» мен «мезим форте» дәрілерін қымбат бағамен сату барысында ұсталған. Ол өз түсініктемесінде жеке басының пайдасы үшін аталған дәрілерге үстеме ақша қосып сатқанын жеткізді. Бұл жайт Төлебиде тіркеліп, заңдылығын тексеру үшін тиісті басқармаға жолданған.  

Серіктес жаңалықтары