228
Қазақстан азаматтығын алмаған қандастарға да 42 500 теңге беріледі
Қазақстан азаматтығын алмаған қандастарға да 42 500 теңге беріледі
Қазақстан азаматтығын алмаған, алайда оралман мәртебесі бар қандастарға 42 500 теңге беріледі. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы Facebook-парақшасында жазды.
«Тұрақты тіркеуде тұрып оралман мәртебесі бар қазақтар құқықтары жағынан тұрғылықты азаматтармен тең. Оларға ешқандай кедергі жоқ және Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей көмек көрсетіледі. Егер жұмыс істеп жүріп, табысынан шектеулер салдарынан айырылған болса, ол 42 500 теңге алады», – деп жазды Сырымбек Төлеуұлы.