15 Шілде, 12:59 469 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Коронавируспен күрес: Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Қазақстан Тәжікстанға портативті өкпені жасанды желдету аппараттарын бермек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, –деп жаздв ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта барлық ел бір-біріне көмек көрсетіп жатыр. Елімізге де басқа мемлекеттер гуманитарлық көмек беруде. Қазақстан Үкіметі Тәжікстанға жыл соңына қарай портативті өкпені жасанды желдету аппараты түріндегі гуманитарлық көмек көрсету мәселесін қарастыруда. Бұл портативті аппарат екендігін атап өткім келеді. Ол пациентті жедел жәрдем көлігімен тасымалдау үшін қолданылады», – деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, портативті өкпені жасанды желдету аппараты елімізде, Ақмола облысында шығарылады.

«Бүгінде аталған өндіруші өзінің өндірістік қуатын арттырып отыр. Кәсіпорын түркиялық компаниямен бірге портативті өкпені жасанды желдету аппаратынан бөлек қазіргі уақытта бізге аса қажетті болып отырған стационарлық өкпені жасанды желдеу аппаратын шығаруды жоспарлауда. Өндіріс таяу аралықта жолға қойылады және жылдың соңына дейін еліміздің барлық ауруханаларына қажетті портативті және стационарлық өкпені жасанды желдету аппараттармен қамтамасыз етеді», – деді Людмила Бюрабекова.

Соңғы жаңалықтар