15 Шілде, 09:57 829 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

42 500 теңге кімдерге төленеді – министр жауап берді

Сурет интернеттен алынды
Сурет интернеттен алынды

42 500 теңге әлеуметтік төлемі осыған дейінгі төтенше жағдайда кезіндегі қағидаттармен төленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Осы жолы төлем кімге төленеді, мұқтаж адамдар кім?» деген сұрақтар көп қойылып жатыр. Бұл жолғы 42 500 теңге әлеуметтік төлемі өткенде төтенше жағдайдағы қағидаттармен төленеді. Яғни, жұмыс істеп жүріп өзінің табысынан, алып жүрген жалақысынан айырылған азаматтарға беріледі. Олар: жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Төлем бір айға қарастырылып отыр», – деді министр.

Соңғы жаңалықтар