Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді
ашық дереккөзі
Сәбит Пазылов Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Сәбит Пазылов 1975 жылы дүниеге келген. С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина, Almaty Management University (бұрынғы Алматы халықаралық бизнес академиясы) университеттерін бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталығында клиникалық ординатор ретінде бастаған. Әр жылдары аталған орталықта жауапты қызметтер атқарды. 2009-2015 жылдары №4 Алматы қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары, Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың бас дәрігері, аталған орталықтың бас директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасар болды. 2015-2019 жылдары Қызылорда облыстық медициналық орталығының директоры, Алматы қалалық медициналық жедел-жәрдем станциясы бас дәрігері қызметтерін атқарды. 2019 жылдан бастап осы кезге дейін №1 Алматы қалалық клиникалық ауруханасының «Smart Healt University» ЖШС медициналық директоры болды.