Өкпесі зақымданған науқастарға қымыз бен шұбат ішуге бола ма – дәрігер жауабы

Өкпесі зақымданған науқастарға қымыз бен шұбат ішуге бола ма – дәрігер жауабы

Өкпесі зақымданған науқастарға қымыз бен шұбат ішуге бола ма – дәрігер жауабы
ашық дереккөзі
228
Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова өкпесі зақымдалған науқастарға халық медицинасының маңызы туралы айтты.  Ол коронавирустан өкпесі зақымдалған науқастарды емдеуде ең маңыздысы тыныс органдарын оңалту екенін атап өтті. Сол себепті дәрігерлер пациенттерге тыныс алу гимнастикасымен айналысуға кеңес береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Күніне үш рет 10-15 минуттан қарапайым жаттығу жасап тұрыңыздар. Терең дем алып, демді шығару өкпе жұмысын жақсартады", - деді профессор. Қасенованың айтуынша, тыныс жаттығуларынан бөлек, оңалту кезеңі кезінде халық медицинасының да маңызы зор әрі қолжетімді. "Біз ұлттық сусынымыз – қымыз бен шұбаттың емдік қасиетін жақсы білеміз. Егер пациентте панкреатит немесе асқазан-ішек жолдарының басқа аурулары болмаса, оларды іше беруге болады. Өйткені ол дәрумендер мен микроэлементтерге өте бай. Коронавирус ағзаға ауыр соққы болғандықтан, қымыз бен шұбат қайта қалпына келуге көмектеседі", - деді пульмонолог. Сонымен қатар, дәрігер түрлі фитопрепараттар мен шөп тұнбаларын қолдануға кеңес берді.  

Серіктес жаңалықтары