Өткен тәулікте әлемде коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Өткен тәулікте әлемде коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Өткен тәулікте әлемде коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен тәулікте әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелгенін хабарлады.   Ұйым дерегінше, 12 шілде күні әлемде 230 370 адамнан қатерлі вирус анықталды. Бір тәулікте індеттен 5 285 адам көз жұмды. Әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 12 552 765 адамға жетіп отыр. Олардың басым бөлігі (6,5 млн-нан астам адам) – Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің тұрғындары. Айта кетейік, бұған дейін Бразилияда соңғы тәулікте 39 мың адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлағанбыз. Елде қатерлі вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 1 млн 800 мыңға жеткен. Індеттен көз жұмғандар саны 71 мыңнан асып жығылды. Ал Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға келсек, елімізде соңғы тәулікте 1646 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 60 мыңға жуықтады. Бір апта ішінде кесірлі кеселден 111 науқас көз жұмып, індет құрбандарының жалпы саны 375-ке жетті.