Сенат Төрағасы індет құрбандарының туған-туыстарына көңіл айтты

Сенат Төрағасы індет құрбандарының туған-туыстарына көңіл айтты

Сенат Төрағасы індет құрбандарының туған-туыстарына көңіл айтты
ашық дереккөзі
259
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирустан қаза тапқан жандардың туған-туыстарына көңіл айтты.  "Мемлекет басшысы коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны белгілі. Соған байланысты бүгін барша Қазақстан халқы аза тұтуда. Өкінішке қарай, пандемия салдарынан көз жұмған жандардың қатарында елдік мұратты ту еткен арыстай азаматтарымыз, зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, өзгенің өмірі үшін соңғы сәтке дейін күресіп өткен дәрігерлеріміз бар. Біз үшін дүниеден озған әр отандасымыздың орны бөлек. Осыған орай індеттен қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Енді ешқашан мұндай қаралы күн болмасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", - деді Мәулен Әшімбаев. Сенат Төрағасы халқымыз өз басына түскен барлық сынақты ынтымақ пен бірліктің арқасында жеңгенін айтып, қазақстандықтарды індетпен күресте күш біріктіруге шақырды. "Біз қабылданған шаралардың арқасында пандемияның таралуына тойтарыс беріп, індетті ауыздықтаймыз деп сенеміз. Қазақ – сан қилы тарихында бұдан да ауыр сынақтардан сүрінбей өткен және талай тар жол, тайғақ кешуден аман қалған халық. Соның бәрінде бекем бірлік пен ырыс-ынтымағымызға табан тіредік. Қазір де дәл солай ауызбіршілік танытсақ, аурудың әрі қарай асқынуына жол бермейтініміз сөзсіз. Сондықтан әрқайсымыз жақындарымызға жанашырлық танытып, мамандар анықтап берген талаптарды орындауға ерекше көңіл бөлейік! Әр азаматымыздың амандығы үшін бірге күресейік!", - деді ол. Еске сала кетсек, бүгін елімізде коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты  Жалпыұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады. Айта кетейік, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев індеттен көз жұмғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары