171
Маңғыстау облысы әкімдігінің 30 қызметтік көлігі емханаларға берілді
Маңғыстау облысы әкімдігінің 30 қызметтік көлігі емханаларға берілді
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың тапсырмасымен бүгін облыс әкімдігінің 30 қызметтік көлігі Ақтау қаласындағы емханаларға берілді, – деп жазды ҚазАқпарат.
Пандемия кезінде мобильдік топтағы учаскелік дәрігерлер тұрғындардың шақыртуына енді осы көліктермен барады. Бұл емханалардағы көлік тапшылығын азайту үшін қолға алынып отыр.
Қазіргі кезде әкімдік қызметкерлерінің бір бөлігі онлайн режимінде жұмыс істейді. Сол себепті, мемлекеттік қызметкерлер осы көліктер қазіргі кезде дәрігерлерге қажет деп санайды.
Облыс әкімдігі көліктерді дезинфекциялауды, жанар-жағармай құюды, көлік жүргізушілерін жеке қорғаныш құралдарымен қамту және өзге де шығындарды өз мойнына алады.