719
Президент үндеуі үлкен үміт, күш-жігер берді
Президент үндеуі үлкен үміт, күш-жігер берді
– Кеше құрметті Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елге үндеу жасап халыққа үлкен күш-жігер, дем берді. Бұл қазіргі уақытта мемлекет тарапының халыққа жақындығын айқындат қана қоймай, халық арасындағы үрейді басты. Президентіміз маңызды дәрі-дәрмек мәселесінің шешілу жолдарын, халықтың денсаулығын сақтау үшін қосымша қомақты қаражат бөлгенін, әрі 13 шілде індеттен қайтыс болған адамдарды еске алуға бағыталған іс шараларды атап өтті. Сонымен қатар елді дүрлігуге және уайым қайғыға салынбауға шақырды. Біздің медицина 21-ғасырда бай-қуатты болуға бүткіл мүмкіндік бар екенін ұмытпайық.
Заңгер ретінде дәрі-дәрмекті делдалдықпен қымбат сатқандардың алдын алуды, арандатуға жол берілмеуге және адам өміріне қауіпті түрлі қауесеттер таратып ел сеніміне селкеу түсіргендерді тоқтату шараларын қолға алуы қажет екенін атап өткім келеді.
Кәмшат ШИНТЕКОВА,
заңгер, «КЕШ» құқық қорғау орталығының директоры: