Әйнегі сынған ұшақты дер кезінде қондырған ұшқыш жолаушыларды ажалдан аман алып қалды

Әйнегі сынған ұшақты дер кезінде қондырған ұшқыш жолаушыларды ажалдан аман алып қалды

Әйнегі сынған ұшақты дер кезінде қондырған ұшқыш жолаушыларды ажалдан аман алып қалды
ашық дереккөзі
295
Қытайлық Ruili Airlines әуе компаниясының ұшқышы ұшақ әйнегінің сынуына байланысты әуе кемесін шұғыл жерге қондырып, жолаушылардың өмірін құтқарып қалды. Daily Mail-дың хабарлауынша,  Boeing 738 ұшағы Қытайдың Сиань қаласынан Куньминге бет алған. Әуеге көтерілген соң жарты сағаттан кейін экипаж әйнектің сынғанын байқаған. Ұшқыштар әуе кемесін тез арада Чунцинге қондыру туралы шешім қабылдапты. Радарлардан алынған мәлімет бойынша ол кезде ұшақ 9,4 мың метр биіктікте болған және күрт төмендеп, ұшуы баяулаған. Ұшқыштар алты минут ішінде 3,8 мың метрге төмендеген. Нәтижесінде әуе кемесінің командирі ұшақты жерге сәтті қондырып, жолаушыларды апаттан аман алып қалды. Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Серіктес жаңалықтары