Академик Еділ Ерғожин дүниеден өтті

Академик Еділ Ерғожин дүниеден өтті

Академик Еділ Ерғожин дүниеден өтті
ашық дереккөзі
495
79 жасына қараған шағында белгілі  ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері Еділ Ерғожин өмірден өтті.  Қаралы хабарды ҚР Ұлттық ғылым академиясында растады. Еділ Ерғожаұлы Ерғожин 1941 жылы 7 қарашада Алматы облысы, Екпінді ауылында дүниеге келген. 1963 жылы1963 жылы ҚазМУ-дің химия факультетін үздік белгімен бітірген. 1980-1988 жж. – кафедра меңгерушісі, 1980-1983 жж. – химия факультетінің деканы, 1983-1986 жж. – бірінші проректор.1986-1988 жж. – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры. Дүниежүзіне аты шыққан Қазақстандағы химия бойынша иондық алмасу мен мембранды технологиялары мектебінің негізін қалаушы және 1976 жылы Қазақстанның құрметті Алтын кітабына енген. Ұлттық ғылым академиясының (1989), Нью-Йорк ғылым академиясының академигі (1994), Қазақстан Республикасының ғылым қайраткері (1984), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1982) ретінде көпшілікке танымал тұлға. Әр жылдары молекулалық химия мен ион алмасу саласындағы халықаралық симпозиумдарда ғылыми баяндамалар жасаған. Химия және химия технологиясы саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер бойынша халықаралық келіссездерге қатысқан. Алматы облысы және Ескелді ауданының құрметті азаматы.  

Серіктес жаңалықтары