505
Қазақстанда ПТР-тестілеуден өту жиілігі тәулігіне 40 мыңға жеткізіледі
Қазақстанда ПТР-тестілеуден өту жиілігі тәулігіне 40 мыңға жеткізіледі
Елімізде алдағы уақытта халықтың ПТР тестілеуден өту жиілігі тәулігіне 40 мыңға жеткізіледі. Бұл туралы Қазақстанда қалыптасқан ахуалға байланысты жасаған телевизиялық үндеуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Тестке қолжетімділікті арттыру үшін қазіргі зертханалар қосымша жарақтандырылуда. Қосымща 20 ПТР анализатор сатып алынады. ПТР тестілеу үшін 8 мобильді орталық құрылады. Бұл орталықтар ауылдарда да салынады», - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің бұл жұмыстар алдағы уақытта халықтың ПТР тестілеуден өту жиілігін тәулігіне 40 мыңға жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы елімізде коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты.
Сондай-ақ, Президент дәрігерлерді БАҚ арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруге шақырды.
Мемлекет басшысының телевизиялық үндеуінің толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқуға болады.