Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты
ашық дереккөзі
322
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу үшін бірден батыл әрі қатаң шараларды қолға алдық. Бұл шаралар көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Алайда азаматтардың карантин шараларын жаппай сақтамауынан, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының жүйелі қателіктерінен және әкімдердің сылбырлығынан біз коронавирустың екінші толқынымен, пневмонияның шұғыл өсімімен бетпе-бет келдік», - деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік, бұған дейін Президент дәрігерлерді БАҚ арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруге шақырған болатын. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Мемлекет басшысының телевизиялық үндеуінің толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқуға болады.    

Серіктес жаңалықтары