«Алтын Орда» базарынан өрт шықты

«Алтын Орда» базарынан өрт шықты

«Алтын Орда» базарынан өрт шықты
ашық дереккөзі
Алматы қаласының іргесінде орналасқан «Алтын Орда» базарынан өрт шықты. «30 маусым күні сағат 16:23-те Қарасай ауданы, Алматы-Ташкент автожолының 15-шақырымында орналасқан «Алтын Орда» базарында асхана өртеніп жатқандығы жөнінде хабарлама түсті. Қызыл жалынның таралуы сағат 17:00-де тоқтатылып, 17:33-те толығымен сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау 240 шаршы метр жерді (асхананың аумағы және металдыпластиктен жасалған сауда павильондары) шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталуда», – делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Жалынмен күреске Алматы қаласы мен Алматы облысының 20 өрт сөндірушісі және 4 техникасы жұмылдырылған.