29 Маусым, 10:12 254 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 500 мыңнан асып жығылды

Әлемде коронавирустан 500 мыңнан аса адам көз жұмды. 

Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша вирус құрбандарының саны – 500882 адам.

Ал індет жұқтырғандардың жалпы саны  10 миллионнан асып жығылды. Қатерлі вирустың таралуы жөнінен АҚШ алда тұр. Бұл елде 2,5 миллионнан аса адам індетке шалдыққан. Ал Бразилияда  1,3 миллион адамнан коронавирус анықталды.

Өлім-жітім де аталған екі елде көп тіркеліп отыр: АҚШ-та – 1 млн тұрғынға шаққанда 387 адамды құраса, Бразилияда – 269.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 547 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 21,3 мыңға жетті. Қатерлі вирустан 178 отандасымыз көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар