Антальяға демалуға барған 4 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Антальяға демалуға барған 4 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Антальяға демалуға барған 4 қазақстандықтан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
211
21 маусымда ұзақ карантиннен кейін туристер мінген алғашқы қазақстандық рейс Алматы-Анталья бағыты бойынша ұшқан еді.  Белгілі болғандай, төрт жолаушы коронавирус жұқтырған. Қазір олар Анталья қалалық ауруханасында. Қалған жолаушылар оқшауланды, деп хабарлайды Хабар 24. Түркия билігі шетелдік туристерді емдеу үшін жергілікті клиникаларда да, қонақ үйлерде де орындар бөлді. Қазақстанның Түркиядағы елшісі отандастарына пандемия кезінде  шетелдерге сапарларға абайлап шығуға шақырады. «Түркия жағалауына келген кезде қазақстандық туристердің температурасын өлшейді. Температурасы 37-38 градустан жоғары адамдар коронавирусты тексеруден өткізеді. Содан кейін диагноз расталса, олар ауруханаға жіберіледі немесе егер жағдай қанағаттанар болса, оқшаулануға жіберіледі. Ауруханалардың жеткілікті екені айтылды. Антальяда 18 аурухана бар. Бірақ сіз мұқият қарап, денсаулығыңыздың жағдайын бақылауыңыз керек», - деді Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы.

Серіктес жаңалықтары