COVID-19: АҚШ-тың үш штатында індет жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

COVID-19: АҚШ-тың үш штатында індет жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

COVID-19: АҚШ-тың үш штатында індет жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді
ашық дереккөзі
259
АҚШ-тың Аризона, Флорида және Невада штаттарында соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау департаменттері хабарлады, деп жазады Life.ru. Аризонада өткен тәулікте 3591 адамнан коронавирус анықталған. Бір күн ішінде 44 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Пандемия басталғалы штатта 70 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Науқастардың 1,5 мыңнан астамы қайтыс болды. Флорида штатында да індетке шалдыққандардың рекордтық көрсеткіші тіркеліп отыр: өткен тәулікте 9636 науқас анықталған. Штатта барлығы 132 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 3,4 мыңнан астам науқас көз жұмды. Невада штатында 24 сағаттың ішінде 1099 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Штаттың денсаулық сақтау департаментінің дерегінше, пандемия басталғалы аймақта 16 339 адамнан коронавирус анықталған. Індет құрбандарының жалпы саны – 498. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, бүгінде АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 2,5 миллионнан асып жығылды. 125 мыңнан астам адам індеттен көз жұмды. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 461 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 20780-ге жетті.

Серіктес жаңалықтары