25 Маусым, 20:17 667 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Қызылорда облысында базар өртенді (видео)

Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде базар өртеніп, сауда орнынан шыққан өрт 2 мыңнан астам шаршы метр аумақты шарпыды. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қызыл жалын «Ер-Нұр» базары аумағында орналасқан «Нұр» асханасында тұтанған. Одан кейін асханаға жақын маңда орналасқан «Орынай», «Ақбота», «Арзан» сауда үйлері мен шаруашылық заттарын сататын «Баянсұлу» және екі азық-түлік дүкенін шарпыған.

Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 33 маманы және 3 техника жедел жеткен. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Тілсіз жаудың шығуына электр жүйесінің тұйықталуы себеп болған.

;feature=emb_logo

Соңғы жаңалықтар