200
БҚО-да 273 адам пневмонияға шалдыққан
БҚО-да 273 адам пневмонияға шалдыққан
Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққан 421 адам инфекциялық стационарда ем қабылдап жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастардың 136-сы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 232-сі қалалық көпбейінді ауруханада емделуде. 57 науқас ауыр халде жатыр. Соның ішінде 16 адам 16 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Өңірде пневмония өршіп барады. Өкпе дертіне шалдыққандар саны 273-ке жетіп отыр.
Қатерлі вирус таралғалы БҚО-да 1267 адамнан індет анықталған. 835 адам емделіп шықты. Дерті асқынған 6 науқас көз жұмды.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте пневмониядан 4 тәулікте 24 адам қайтыс болғанын хабарлағанбыз.