319
Нұр-Сұлтанда ахуал орталығы ашылды
Нұр-Сұлтанда ахуал орталығы ашылды
Елордада ахуал орталығы ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
«Қалада эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бірқатар шешім қабылданды. Біріншіден, жедел медициналық көмек базасында байланыс орталығы құрылды. Онда дереу талдау жасалып, кеңес беріледі. Бұл - күніне шамамен 500 өтінім. Сондай-ақ қалалық аумақтық емханаларда жауапты тұлғалармен байланыс орталығы құрылды. Олар туралы ақпарат интернет-ресурстарда қолжетімді. Қаламыздағы iKOMEK ақпарат орталығында медициналық ұйымдардың әр басшысына арналған мобильді қосымша бар. Өтінімдер бірден олардың мобильді қосымшасына түседі», – деп түсіндірді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова. ⠀