Новак Джокович коронавирус жұқтырды

Новак Джокович коронавирус жұқтырды

Новак Джокович коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
Сербияның атақты теннисшісі, ерлер арасында әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичтен коронавирус анықталды. Ол індетті Хорватиядағы турнир кезінде жұқтырған. Euronews-тің хабарлауынша, спортшының әйелінен де індет анықталған. «Біз турнирді вирустың беті қайта бастағанда ұйымдастырған едік. Қазіргі жағдайда жарысты өткізуге болады деп сендік. Өкінішке қарай, вирус жойылған жоқ және онымен бірге өмір сүруге  дағдылануға тура келетіні шындық. Мен турнирдегі әрбір вирус анықталған жағдай үшін қатты өкінемін. Бұл ешкімнің денсаулығына зиянын тигізбейді және барлығы жақсы болады деп үміттенемін. Мен 14 күн бойы оқшауланамын. Бес күннен соң тағы тест тапсырамын", - деді Джокович. Бұған дейін сол турнирде болгариялық Григор Димитров пен хорватиялық Борна Чоричтен коронавирус анықталғаны хабарланған. Айта кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 9,2 миллионнан асты. Індеттен 477,5 мың науқас көз жұмды.