228
COVID-19: Әлемде 9,2 миллионнан астам адам індетке шалдықты
COVID-19: Әлемде 9,2 миллионнан астам адам індетке шалдықты
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 9,2 миллионнан асып жығылды. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі осындай.
2,3 миллионнан астам тұрғыны індетке шалдыққан АҚШ әлемдегі вирустан ең көп зардап шеккен мемлекет. Елде қатерлі вирустан 121 мыңнан аса адам көз жұмды.
Індет жұқтырғандар саны жөнінен Бразилия екінші орында тұр. Пандемия басталғалы онда 52,6 мың науқас қайтыс болған.
Үшінші орында – Ресей. Елде 598 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды. Науқастардың 8349-ы көз жұмды.
Коронавирустың таралуы жөнінен дүние жүзінде төртінші орында тұрған Үндістанда соңғы тәулікте вирус жұқтырудың 15,9 мың дерегі тіркеліп, індетке шалдыққандардың жалпы саны 456 183-ке жетті. Індеттен 14,5 мыңға жуық адам қайтыс болды.
Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға келсек, соңғы тәулікте елімізде 534 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 18,7 мыңнан асты. 11,5 мың адам емделіп шықты. Дерті асқынған 134 отандасымыз көз жұмды.