223
Елбасының сырқаты симптомсыз өтіп жатыр – Айдос Үкібай
Елбасының сырқаты симптомсыз өтіп жатыр – Айдос Үкібай
Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жайлы сауалдарға жауап берді.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл-күйі жақсы, сырқат симптомсыз өтіп жатыр. Дене қызуы қалыпты, КВИ-ге тән белгілер байқалған жоқ. Тұңғыш Президент дәрігерлердің бақылауында. Олардың айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ», – деді А.Үкібай.
Баспасөз хатшысының айтуынша, оқшаулану талабына байланысты Елбасы қашықтан жұмыс істеп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Елбасының баспасөз хатшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған.