159
Карантин: бүгіннен бастап еліміздің бірқатар өңірінде шектеу шаралары күшейтілді
Карантин: бүгіннен бастап еліміздің бірқатар өңірінде шектеу шаралары күшейтілді
Бүгіннен бастап Қазақстанның бірқатар өңірі мен қалаларында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді.
ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен бүгіннен бастап мынадай қосымша шектеу шаралары енгізілді:
1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қараганды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша:
- сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да базарлардың қызметі тоқтатылады;
- қоғамдық тамақтану орындары тек даладаәрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс;
- қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі;
- қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады;
- фитнес-орталықтарының қызметі тоқтатылады;
- 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.
- қоғамдық орындардың: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады;
- 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.
- медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту;
- ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту;
- меншік нысанына қарамастан, өңірде бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету;
- жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
- үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылау жасау (қашықтан, мобильді бригадалардың көмегімен);
- халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.