"Олимп" тест алуды уақытша тоқтатады

/
"Олимп" тест алуды уақытша тоқтатады
ашық дереккөзі
"Олимп" тест алуды уақытша тоқтатады "Олимп" клиникикалық-диагностикалық зертханасы 3 күнге ПТР талдау алуды тоқтататынын мәлімдеді. Мекеменің facebook-гі парақшасында маусымның 19-21 аралығында тест алу уақытша тоқтатылатыны жазылған. "Құрметті пациенттер, 19 және 21 маусым аралығындағы қоса алған күндері Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы зертханаларда техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы орайда коронавирусқа ПТР талдау алу жүзеге асырылмайды. 22 маусымда коронавирусқа ПТР талдау алу қайта жалғасады. Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген жазбада.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары