Астана – Алаштың айбары

Астана – Алаштың айбары

Астана – Алаштың айбары
ашық дереккөзі
345
Ел астанасының Алма­тыдан арқаға кө­ші­рілуі Тәуелсіз Қазақ­стан тарихындағы ең маңыз­ды шешім болғаны рас. Қазақ­стан дербес ел атанып, өз тіз­гіні өз қолына енді ғана тиіп жат­қан елең-алаң шақта аста­наны көшіру оңайға түспегені белгілі. Сол кездегі саяси эли­таның табанды қарсылы­ғына қа­ра­мастан, бас орданы ар­қаға көшірген Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың та­рихи ше­шімі қай жағынан алып қарағанда да өзін-өзі ақ­та­ды. Бүкіл әлем Тәуелсіз Қа­зақ­танды жас ордасы арқы­лы танып-біл­ді. Кеше ғана айналасын қамыс басқан ша­­ғын шаһар қазір адам та­ны­мастай өз­герді. Астана тұрғындарының саны да жыл сайын артып келеді. Елорда тек саяси орталық қана емес. Мұнда рухани-мәдени құн­ды­лықтарымыздың қанат жаюына жан-жақты жағдай жасалған. Қала күні қарсаңында астаналық зиялы қауым өкілдеріне хабарласып, бағаналы, басты ордамыз жайлы пікірін білген едік. Роза МҰҚАНОВА,  жазушы, драматург:

Нұр-Сұлтан – Тәуелсіз қазақ мемлекетінің өз қолтаңбасы

 width= – Жаңа шаһардың бой түзеп, күн­нен-күнге шарықтап дамып, өсіп келе жатқаны Тәуелсіз­дігі­міз­дің жарқын көрінісі. Кезінде ас­танаға айтылған сын да, тағылған мін де аз емес еді. Бірақ бұл күнде астана тарихи жеңістің куәсі бо­лып туын тікті, Нұр-Сұлтан шаһа­ры­на айналды. Болашақтың, жас­тықтың, өрлеу мен гүлденудің сим­волына айналды. Бұл қала тұ­рақ­тылық пен сенімділік рухында дамып келеді. Қаланы кім салса, иесі сол бо­лып танылатынын тарихтың өт­кен жолдарынан білеміз. Бе­кініс­терді салып, билігін жүргізген дәуірді де қазақ халқы бастан кешті. Ал Нұр-Сұлтан – Тәуелсіз қа­зақ мемлекетінің өз қолтаңбасы. Елорда – арқаның сұлу төрінде түл­кісі мен қояны қатар жарысқан ертегі қала, бейбіт қала. Жасыл бел­деулер атырапқа жол тартып, жөң­кіліп жатыр. Нұр-Сұлтан мен сұлу Бурабайдың табиғаты үндесіп, үйлесіп жатыр. Ғажап көрініс! Өзім саябақтарда көп жүремін, шаһарды жаяу аралағанды ұнатамын. Әсіре­се таңғы, түнгі уақыттағы шаһар­дың келбеті өте керемет. «Сырт көз – сыншы» деген. Елі­мізге жан-жақтан шетел азам­ат­тары, туристер көп келеді. Осын­дай сұлу шаһардың тұрғындары­ның да мәдениеті қалыптасқан болуы керек. Өйткені қала мәде­ние­тінің көрінісі ұлт мәдениетімен өлшенеді.   Аманжол ӘЛТАЕВ, ақын, филология ғылымдары­ның докторы, профессор:

 Астананың тілеуін тілемейтін қазақ жоқ

 width= – Елордамыз – Тәуелсіз еліміздің жүрегі, мемлекетіміздің бағаналы, басты Алтын ордасы. Әрбір саналы қазақстандық азамат үшін бас қаламыздың орны ерекше. Өйткені мемлекетіміздің Тәуелсіздік жылдарындағы қалып­тасуы Елордамен тікелей байла­нысты. Сонау 1997 жылы ел астанасы Ала­таудан арқаға көшкен кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін мем­лекетіміздің ішкі-сыртқы саяса­тындағы ең маңызды шешімдердің барлығы осы ел жүрегі астананың төрінде қабылданды. Қала тұрғын­дарының отбасындағы әрбір қуа­ныш шаһар қуанышымен тікелей байланысты десем қателеспеймін. Уақыт деген өте жылдам. Кеше­гі астана мен бүгінгі астананың келбеті салыстыруға келмейді. Кешегі тостағандай ғана Ақмола бүгін Қазақстан халқын ғана емес, қазақ даласына қадам басқан әрбір шетелдікті сүйсінтіп, тамсандыра қарайтын жер бетіндегі жас әрі сәулетті қалалардың біріне айна­лып келе жатқаны елорда тұрғыны ретінде көңілге қуаныш ұялатады, кеудеге мақтаныш сезім сыйлайды. Мен астанамызға 2001 жылы көшіп келдім. Былай қарасаң кеше ғана секілді. Бірақ осы 19 жылдың ішін­де бесікте жатқан бала қазір үлкен азамат болды. Бүгінде елдің көшінің бел ортасына қосылып жатқан жағдайы бар. Астана күні бұл тек қала тұр­ғын­дарының ғана емес, бүкіл Қа­зақстан халқының жүрегіне үл­­кен бір қуаныш ұялататын ме­реке. Өйткені құс қанаты талатын, тұл­пар тұяғы тозатын байтақ дала­мыздың қай бұрышында тұрса да, астананың тілеуін тілемейтін қа­зақ жоқ деп білемін. Шалғайда жат­­са да еліміздің жүрегі ас­та­намыз гүлденіп, өркен жая бер­се екен деген тілек – әрбір қа­зақ­тың жүрегіндегі үлкен сезім. Әрине, әлемнің танымал Лон­дон, Париж секілді астаналарымен салыстырғанда біздің елордамыз өте жас қала. Жеткенінен жететіні көп, кемелдену кезеңі алдындағы балаң шаһарлардың бірі. Сон­дық­тан алдағы уақытта астана­мыздың «Әттеген-ай!» дейтін тұстары азайып, кем-кетіктерінің орны то­лып, барлығы қалыпқа келеді деп ойлаймын. «Көш жүре түзеледі» дейді ғой. Әсіресе, қаланы газдан­дыру мен экология мәселесі оң ше­ші­мін тапса, астанамыз эколо­гия­лық тұрғыдан таза қалалардың біріне айналар еді. Астана өнердің, ғылым мен бі­лім­нің, қазақ жастарының қаласы бол­са деген тілегім бар. Жастардың баспана мәселесі шешіліп, әрқай­сы­сының кішкентай болса да өзі­нің ұясында «Мен астананың тұр­ғынымын» деп айтатындай күн­дер­ге жетсек, әрбір жастың жа­на­рында бақыттың ұшқыны болса екен деп тілеймін. Астана рухани тайқазанымыздың қайнап жата­тын қаласы болса, біздің ұлттық келбетіміздің көрсеткіші болса екен деген арман бар. Ол үшін ас­тананың әрбір көшесінің атауы­нан, әрбір ғимараттарынан ұлты­мыз­дың төл болмысы, тарихи та­ны­­­­мымыз менмұндалап тұруы тиіс. Еліміздің бас қаласы әлемдегі ық­палды, беделді астаналардың бірі болуына тілектеспін.  

 Досхан ЖОЛЖАҚСЫНОВ, Қазақстанның халық әртісі, режиссер:

 Астана күн санап  өсіп келеді

 width= – Тарихымыздың әр кезеңінде біраз астаналар өзгерді. Оның бар­лығы біздің саяси, әлеуметтік жағынан үлкен тәжірибе жи­науы­мызға, елдік, ұлттық санамыз­дың өсуіне ықпал етті. Сонау Қасым ханнан бергі кезеңде дербес мем­лекет құру жолындағы ата-баба­мыздың үміт-арманының орын­далғанына, ел болып, егемен­дігімізді алып, ес жиып, етек жап­қанымызға да 30 жылға жуықтады. Тәуелсіздік жолында қаншама қан мен тер төгілді. Тәуелсіздігімізді жария­лаған­нан кейінгі батыл қадамдары­мыз­дың бірі – ел астанасын Ал­ма­тыдан Ақмолаға көшіру болды. Бұл санаулы жылдардың ішінде жинаған бүкіл саяси, әлеуметтік тәжірибеміздің өзі ұлтымыздың өсуіне, ұлттық сананың қалып­тасуына зор септігін тигізді. Бүгін­де ел өміріндегі тарихи оқиғалар мен маңызды шешімдер аста­намыздың төрінде қабылданып жатыр. Елорда төрінде жыл сайын бір­неше балабақша ашылып, мек­тептер салынуда. Өнер саласы бойынша әлемге танымал Astana Opera театрының ашылуы, Қ.Қуа­нышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына арналып жаңа ғимараттың салынуы елорданың бүгінгі келбетін ажарландыра түсті. Астана күн санап өсіп келеді. Бүгінде бас қала ұлттық эли­таның бір тобының шоғырланған жеріне айналды. Астана халықтың мүддесінде, келешек ұрпақтың ұлттық санасында байрағы жел­біреген, елдігіміздің тұғы­рындай қабылдануы керек. Өйткені бүгінгі Елорда – ата-бабамыздың ғасыр­лар бойы аңсаған арманы­ның ақиқатқа айналуы. Қазақтың жүрегінің, көңілінің кеңдігі қаншама ұлт пен ұлысты қол­тығына басып, бауыр қыл­ға­нынан көрінеді. Бейбіт өмірдің арқасында бүгін біз дамудың даң­ғыл жолына түсіп, биікке шарық­тап келеміз. Астанамыздың қадір-қасиетіне алдымен өзіміз жетуіміз керек. Астана егемендігіміздің кепіліндей, кемелденген ұлттың болмысындай дүние болғанымен, жан-жағымызда саяси жүйесі қалыптасқан мемлекеттер отыр. Әрқайсысы әрқилы ойлайды, әркімге әртүрлі түс кіреді дегендей. Осының бәрін ойлай отырып, татулықтың арқасында егемен­дігіміздің тұғырын сақтап қалуы­мыз қажет. Осының барлығын безбенге салып, өркениетті ұлт ретінде келешек ұрпақ үшін санамызда қалыптастыруымыз керек. Егемендіктің біздің ұлтымыз үшін қаншалықты қымбат екенін санамызда сақтап қана қоймай, оның қадір-қасиетін ұғынып, ұрпаққа жеткізу – ең негізгі мүд­де­міз болуы тиіс.

Серіктес жаңалықтары