Демалыс күндері еліміздің 6 қаласында карантин күшейтіледі

Демалыс күндері еліміздің 6 қаласында карантин күшейтіледі

Демалыс күндері еліміздің 6 қаласында карантин күшейтіледі
ашық дереккөзі
253
Қазақстанда демалыс күндері — 20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы  ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қарастырылған. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша:
  • сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, базарлардың қызметі тоқтатылады
  • қоғамдық тамақтану объектілерінің көше форматындағы ашық ауада жұмыс істеуіне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып рұқсат етіледі
  • қоғамдық көлік жұмысы шектеледі
  • қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады -фитнес-орталықтардың қызметі тоқтатылады
  • 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.
2. Саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде:
  • қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады;
  • 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.
3. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіру жабылады, ал аталған аймақтардағы адамдарға — әлеуметтік қашықтықты сақтау.

Серіктес жаңалықтары