«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхаммедтің үндеуі

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхаммедтің үндеуі

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының  Бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхаммедтің үндеуі
ашық дереккөзі
308
 

Құрметті отандастар!

Қазақстан мұсылмандары мен бүкіл ислам дүниесі барша айлардың сұлтаны – қасиетті Рамазан айында өтетін оразаға дайындалып жатқанда Ақтөбе қаласында жантүршігерлік лаңкестік оқиға орын алды. Сіздер мен біздің бауырларымыз – бейкүнә жандар жазықсыз құрбан болып, оққа ұшты. «Нұр Отан» партиясы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қатты қайғырып, көңіл айтады. Біз әкесінен, бауырынан және баласынан қапыда айырылған сіздердің әрқайсыларыңыздың қайғыларыңызға ортақпыз. Сіздермен бірге біз де аза тұтамыз. Террористерде ешқашан ұлт та, діни сенім де болмаған. Қандықол кісі өлтірушілер өздерінің қасапты әрекеттерін жалған діни ұрандармен ақтап алғысы келеді. Мұндай адамгершіліктен мүлде ада іс-әрекеттердің мүбәрак дінімізге үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын айрықша қайталап айтқым келеді. Нағыз мұсылман үшін ислам – әрдайым бейбітшіліктің, мейірімділіктің, төзімділіктің және өзара құрметтің діні болып қала береді. Біз туған Отанымыздың тағдырын ойлайтын бүкіл халықты бірлік пен берекеге шақырамыз. Барша қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылықтар саналатын тәуелсіздік, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім Елбасымыз ұстанған Қазақстанның нығаюы, өсіп-өркендеуі мен гүлденуіне бағытталған саясатының берік іргетасы екендігін әрқашан ұмытпауымыз керек. Бүкіл отандастарымызды ағайынның бірлігін, еліміздің тыныштығын, халқымыздың татулығын көздің қарашығындай сақтап, оны одан әрі нығайта беруге шақырамыз. Тек бірге, тек татулықта, тек өзара сыйластықта ғана біз кез келген қиындық пен кедергіні еңсере аламыз. Осыны әрдайым есте ұстайық, ағайын!

Серіктес жаңалықтары