Жанармайы ең арзан елдер анықталды

Жанармайы ең арзан елдер анықталды

Жанармайы ең арзан елдер анықталды
ашық дереккөзі
334
2019 жылы әлемдік бензин бағасы 2 пайызға төмендеп, 1 литрінің құны орта есеппен 0,91 долларды құрады. Бұл туралы Халықаралық энергетикалық агенттіктің есебінде айтылған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ең төменгі баға Иранда тіркелген. Онда бензиннің 1 литрі 0,24 доллардан саудаланған. Ал ең жоғары баға – Гонконгта (1,97 доллар).  Иран экспорттаушы болса, Гонконг – импорттаушы ел. Жанармай бағасы әдетте мемлекеттік саясатқа байланысты, салықтық жүктемелер және субсидиялардың көлемі бензин құнына тікелей әсер етеді. Халықаралық энергетикалық агенттік мамандарының айтуынша, Ресейде бензин бағасы литріне 0,7 доллар көлемінде сақталуда. АҚШ-та жанармайдың бір литрі 0,79 доллар тұрады. Ал мұнай өндіру көлемі жөнінен әлемде үшінші орында тұрған Сауд Арабиясында бензин бағасы – 0,56 доллар. Жанармай бағасы ең арзан мемлекеттер ондығына Алжир, Түркіменстан, Қазақстан, Индонезия, Өзбекстан, Египет, Нигерия, Малайзия, Оман және Венесуэла кіреді. Бұл мемлекеттерде бензиннің литрі 0,6 доллардан аспайды. Ал бензин бағасы ең қымбат елдер – Нидерланд, Грекия, Италия, Финляндия, Швеция, Португалия, Португалия және Исландия (1,63 доллардан жоғары). Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасының құлдырауына қарамастан, дизельдік отын бағасы өзгеріссіз қалып отыр.

Серіктес жаңалықтары