198
Медициналық сақтандыру қорына 91,5 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды
Медициналық сақтандыру қорына 91,5 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 91,5 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы мәлімдеді.
«Алматы қаласы республика бойынша жарналар мен аударымдар көлемі жағынан көш бастап тұр. Жинақталған соманың бестен бір бөлігі Алматыға түсіп жатыр. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2020 жылдың 1 қаңтарынан 29-шы мамырына дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 16 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 10,9 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары, қалған 5,2 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісім шарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі», – деді филиал директоры Тілеухан Әбілдаев.
Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер санының да артқаны байқалады. Сәуір айында БЖТ төлеген азаматтар саны 1,8 млн болса, мамыр айында бұл көрсеткіш 2,2 млн адамға жетті.