158
Елордада 20-дан астам вирусолог коронавирус жұқтырды
Елордада 20-дан астам вирусолог коронавирус жұқтырды
Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова осылай мәлімдеді.
«Зертхананың 20-дан астам қызметкері індет жұқтырды. Олар күні-түні тәулік бойы жұмыс істеді. Олар да адамдар, робот емес, үнемі вирус ошағында жүр», – деді Сәуле Қисықова.
Оның сөзіне қарағанда, бұрын қалада бір ғана зертхана болса, қазір күніне 5 мыңға дейін тест өткізетін 8 зертхана бар.
17 маусымдағы жағдай бойынша, шамамен 170 мың тест өткізілді. Қазір 40 мыңнан астам тест қолжетімді.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы ПТР-тестілері мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алу, Сovid-19 жұқтырғандар үшін жаңа төсек орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Елордада бүгінге дейін коронавирус инфекциясы барлығы 2951 адамнан анықталды. Оның ішінде жазылғандар саны – 2055, қайтыс болғаны – 15 науқас.