285
ШҚО-да шахтадағы жарылыстан екі кенші қаза тапты
ШҚО-да шахтадағы жарылыстан екі кенші қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысында екі кенші қаза болып, тағы бірі зардап шекті.
Оқиға 16 маусым сағат 22:00 шамасында KAZ Minerals Тобы «Шығыстүстімет» ЖШС-ға қарасты Орлов өндірістік кешенінің шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде болды. Салдарынан екі жұмысшы қаза болды, зардап шеккен тағы бір адам Бородулиха аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды.
«KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетілетін болады», - делінген компания хабарламасында.