259
Мәскеуде өтетін парадқа 12 елдің әскері қатысады
Мәскеуде өтетін парадқа 12 елдің әскері қатысады
24 маусымда Мәскеуде өтетін Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа 12 елдің әскері келіп жетті. Бұл туралы «Красная звезда» басылымына берген сұхбатында парадты басқаратын Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, армия генералы Олег Салюков мәлімдеді.
Олег Салюковтың айтуынша, парадқа Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Молдованың өкілдері қатысады.
Қызыл алаңда 13 мыңнан астам әскери сап түземек. 234 заманауи және тарихи құрлықтағы әскери техника және 75 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылады.
Парадтық оркестрде 900 музыкант өнер көрсетеді. Жалпы алғанда, әскери парадқа 64 мыңнан астам әскери, 2,4 мың автомобиль және авиациялық техника, сондай-ақ 20 жер үсті кемелері, сүңгуір қайықтары және тірек кемелері қатысады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей Президенті Владимир Путин коронавирусқа байланысты аталған іс-шараны өткізуді кейінге қалдырған еді. Осылайша 9 мамырда Ресей қалаларында тек әуе парадтары мен мерекелік отшашулар болған еді. Кейінірек мамыр айының соңында мемлекет басшысы Жеңіс шеруі 24 маусымда өтеді деп мәлімдеді.
Сондай-ақ, Владимир Путин 24 маусымды демалыс күні деп жариялады.