Өткен аптада 7 адам суға кеткен

Өткен аптада 7 адам суға кеткен

Өткен аптада 7 адам суға кеткен
ашық дереккөзі
222
Өткен аптада ғана еліміздің әр өңірінде 7 адам суға кеткен, – деп жазды ҚазАқпарат Төтенше жағдай комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 15 маусым күні Қарағанды облысында құтқарушылар үш адамды бір өлімнен аман алып қалыпты. Әлгі кісілер қайыққа мініп, жағадан едәуір алыстап кетсе керек. Сонымен бірге Қарағанды облысының Абай ауданы Шерубай-Нұра су қоймасында құтқарушылар 2 адамды, Сасықкөл көлінде 1 адамды құтқарған. «Өткен аптада еліміздегі су қоймаларына суға түсуге барған 7 адам мерт болды. Оның бірі – бала. Нақтырақ айтқанда 14 маусымда ШҚО Бородулиха ауданы Жаңа Үлбі ауылынан бір шақырым жердегі қолдан жасалған су қоймасында 1977 жылғы азамат тұншығып жан тапсырды. Дәл сол күні Қызылорда қаласының Арай шағын ауданында Сырдария өзенінде де 1975 жылғы азамат көз жұмды. 13 маусымда ШҚО Ұлан ауданы Гагарин ауылында Дұбығалы көлінде үлкендердің қарауынсыз қалған 2012 жылғы бала суға батып кеткен. Дәл сол күні Павлодардағы Усолка өзенінде 2002 жылғы жас жігіттің ажалы судан келді. БҚО Ақжайық ауданы Бітлеу ауылындағы Тайпақ су қоймасынан құтқарушылар 1984 жылғы жігіттің денесін алып шықты. Ол жігіт 12 маусымда рұқсат етілмеген орында суға түсіп, жоғалып кеткен болатын», –делінген комитет хабарламасында. Дәл осындай оқиға СҚО-да да тіркеліпті. Айыртау ауданында құтқарушылар 1994 жылғы жігіттің денесін алып шыққан. Ол да 12 маусымда рұқсат етілмеген орында суға түсіп, ағып кеткен. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті суға түскен кезде халықты сақ болуға шақырады.

Серіктес жаңалықтары