535
Саяхатшы Бурабайдың қоқысқа көмілгенін айтып, әкімдікті сынады
Саяхатшы Бурабайдың қоқысқа көмілгенін айтып, әкімдікті сынады
Қазақстан ұлттық география қоғамының өкілі, саяхатшы-блогер Нұржан Алғашов Бурабай демалыс аймағының қоқыстың астында қалғанын әлеуметтік желіде жазып, фотосымен бөлісті. Ол сондай-ақ әкімдікті сынға алды.
«Бурабайдың бүгінгі кейпі осындай. Әлбетте мына қоқыс осында келген демалушылардың тірлігі. Алайда менде Бурабай ауданының әкімдігі мен Бурабай ұлттық паркі өкілдеріне қояр сұрағым бар.
- Қоқыс жәшігін тазартып тұрмасаңдар, неге оны қойдыңдар?
- Осы аумақты тазалау мен қоқысын шығару кімге тиесілі, кім жауапты?
- Мұндай келеңсіздік қайталанбас үшін сіздер қандай әрекеттерді қолға алып жатырсыздар?