Геннадий Головкиннің ең үздік бес жекпе-жегі көрерменге ұсынылды

Геннадий Головкиннің ең үздік бес жекпе-жегі көрерменге ұсынылды
HighlightsPH Youtube арнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ең үздік бес жекпе-жегін іріктеп, көрермен назарына ұсынған.
Бұл шолуға Головкиннің Давид Лемьемен, Дэниэл Джейкобспен, Келл Брукпен айқасы және Сауль Альвареспен болған екі жекпе-жегі енген.
Оның ішіндегі ең үздігі ретінде GGG мен «Канелоның» жұдырықтасуын көрсеткен. Бұл кездесуде екеуі әділқазы шешімімен тең түскен болатын.