251
COVID-19: Президенттің жұбайы індетке шалдықты
COVID-19: Президенттің жұбайы індетке шалдықты
Украина президентінің жұбайы Елена Зеленскаядан коронавирус анықталды.
Укринформның хабарлауынша, Украинаның бірінші ханымы өзін жақсы сезінеді. Президенттің жұбайында індет симптомсыз өтіп жатыр. Қазір ол өз отбасынан оқшауланып, ем қабылдауда.
Украина президенті Владимир Зеленский мен оның балалары да сынама тапсырған. Алайда олардың сынама қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен.
Дереккөздің мәліметінше, Елена Зеленская карантин ережелері мен денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын толық сақтаған. Сондай-ақ, ол қауіпсіздік хаттамасының талаптарына сәйкес, COVID-19 сынамасын үнемі тапсырып отырған. Маусымның басында жасалған сынамалардың нәтижелері теріс болыпты.
Бірінші ханымның індетті қайда және қашан жұқтырғаны анықталуда. Барлық байланыста болған адамдарға жұқтырудың ықтималдылығы туралы хабарланған.
Айта кетейік, соңғы дерек бойынша Украинада 29 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 870 адам көз жұмды.