COVID-19: Б.Өтемұратов қорының қолдауымен Алматыда жетінші зертхана ашылды

COVID-19: Б.Өтемұратов қорының қолдауымен Алматыда жетінші зертхана ашылды

COVID-19: Б.Өтемұратов қорының қолдауымен Алматыда жетінші зертхана ашылды
ашық дереккөзі
341

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Атакент» ҚІҚО аумағында коронавирусты жедел әрі нақты анықтайтын модульді зертхана кешенінің ашылуына қатысты.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады

Б. Өтемұратовтың қоры қалаға тегін берген зертханада жұмыссыздарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мүшелеріне, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, стационарға жоспарлы түрлі жатқызылған науқастарға, тыныс алу органдары, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бұрыннан бар әрі бақылауға алынған 50 жастан жоғары науқастарға скрининг тегін жүргізіледі. Сонымен қатар, мұнда эпидемияға қарсы шаралады тексеруге қатысқан әкімдіктер қызметкерлері, волонтерлар, белсенділер, патруль қызметкерлері, қарттар үйлерінде, интернаттарда және басқа да арнайы мекемелерде тұратындар, мектеп жасына дейінгі мекемелер қызметкерлері тексеруден өтеді.

«Кешенді жұмыс коронавирусты жаппай жұқтыруға тосқауыл болып, оның өршіп кетпеуіне және эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді», — деп атап өткен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Б. Өтемұратов пен оның командасының барлық мүшесіне COVID-19 инфекциясымен қарсы күреске қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

 width=

Зертхана ПТР сараптамасының барлық циклын жүргізу құралдармен толық жабдықталған. Жалпы, кешенде жоғары технологиялы және биологиялық материалды алатын, сақтайтын әрі белгілейтін, ПТР әдісі бойынша зерттеу жүргізетін жоғары технологиялы 42 құрал-жабдық орнатылған.

Зертхана қуаты өте жоғары, мұнда 5000 дейін басымдық беретін күніне 1000 сараптама жасалады. Қор зертхананы жедел түрде 30 мың тест жүргізу үшін қажетті реагент құралдармен толық қамтыған. Зертханада жұмыс істеуге Ұлттық сараптама орталығының 16 зерттеушісі тартылған, олар сегіз адамнан бөлініп, екі ауысымда жұмыс жасайтын болады.

Серіктес жаңалықтары