Алматыда карантин қайта күшейтіле ме — бас санитар жауабы

Алматыда карантин қайта күшейтіле ме — бас санитар жауабы

Алматыда карантин қайта күшейтіле ме —  бас санитар жауабы
ашық дереккөзі
252
Алматыда карантин режимі қайта күшейтілуі мүмкін бе? Бұл сауалға қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді.  "Жалпы, төтенше жағдай аяқталып, карантиндік режимге өткеннен кейін біз инфекцияның одан әрі таралмауы үшін қала тұрғындарынан сақтық шараларының қадағалануын сұрадық. Егер вирус жұқтырғандар саны ары қарай тіркеле беретін болса, біз сақтық шаралары жөнінде еске салуды жалғастыра береміз. Көптеген елдерде қатаң шаралар қабылданғанын және солардың арқасында жағдайдың бірқалыпты бола бастағанын көруге болады. Біздің тарапымыздан да шаралар қолданылуда. Біз қызметтің барлық бағыттары - сауда, тамақтану, білім, өнеркәсіп және құрылыс, мәдениет және спорт бойынша қажетті нұсқаулықтарды жасадық", - дейді бас санитар. Еске сала кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин адамдардың жаппай жиналуына жол бермес үшін Қапшағай су қоймасына апарар жол жабылғанын мәлімдеген. Соңғы дерек бойынша, Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 2939-ға жетті. Өткен тәулікте 35 адамның індетке шалдыққаны белгілі болды.  Ал республика бойынша 13319 адамнан коронавирус анықталды. Індеттен 8015 адам емделіп шықты. 61 науқас көз жұмды.  

Серіктес жаңалықтары