Қапшағай су қоймасына апарар жол жабылды

Қапшағай су қоймасына апарар жол жабылды

Қапшағай су қоймасына апарар жол жабылды
ашық дереккөзі
Адамдардың жаппай жиналуына жол бермес үшін Қапшағай су қоймасы жабылды. Бұл туралы Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.  «Сенбі және жексенбі күндері көптеген тұрғындар суға түсуге барады. Бұл адамдардың бір жерге көптеп жиналуына әкеп соғады. Сондықтан, Алматы облысының санитарлық қызметі мобильді посттар қойды. Қапшағай су қоймасына апаратын жолды жапты. Сөйтіп адамдардың жаппай жиналуының алдын алды. Бұл - дұрыс шешім», – деді онлайн-брифинг барысында қаланың бас санитары. Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында санитарлық посттар қайта қойылып, карантин күшейтілгенін хабарлағанбыз. Соңғы дерек бойынша облыста індет жұқтырғандар саны 457-ге жетті. Өткен тәулікте 11 адамнан індет анықталды.